Астанада дәрігер мамандар тапшы

652

Елорда ауруханаларына 100-ден астам қызметкер жетіспейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астанада дәрігер мамандар тапшы Фото: newtimes.kz

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында кадр тапшылығы мәселелері талқыланды.

"Бүгінде елордада 1,7 мыңнан астам дәрігер және 2,6 мыңнан астам орта медицина қызметкері бар. Қаланың денсаулық сақтау саласындағы проблемалардың бірі – кадр тапшылығы. Қазір Астанада 140 дәрігер жетіспейді", - деп хабарлады басқарма өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, медицина қызметкерлері үшін жағдай жасалған. Атап айтқанда, 2020 жылдан бастап дәрігерлердің орташа жалақысы 60%-ға (210 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін) және орта медициналық персоналдың жалақысы 50%-ға (130 мың теңгеден 180 мың теңгеге дейін) өсті.

2023 жылы дәрігерлердің жалақысын тағы 35%, ал орта медициналық персоналдың жалақысын 10%-ға арттыру жоспарланып отыр. 2020 жылы елорданың жергілікті бюджетінен 21 мамандық (283 грант) бойынша медицина мамандарын даярлау үшін 550 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Бүгінде  243 студент білім алып жатыр.

"Кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2022-2023 оқу жылында 245 грантқа қаржы бөлінді. Соңғы үш жылда орта медициналық персоналды даярлауға 750 грант бөлінді (жыл сайын 250 гранттан)", - делінген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу