Астанада балабақша қызметкерлері демалыс кезінде орындарды сақтау үшін ата-аналардан ақша алған

1313

Кінәлілер қандай жауапқа тартылды?

Астанада балабақша қызметкерлері демалыс кезінде орындарды сақтау үшін ата-аналардан ақша алған Фото: canva.com

Астанада балабақша қызметкерлері баланың орынын сақтап қалу үшін ата-аналардан ақша алған. Бұндай заң бұзушылықты Астана прокуратурасы анықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Прокуратура мәліметіне сәйкес демалыс кезеңінде жекеменшік балабақшалардың қызметкерлері орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді.

Балабақшадағы заң бұзушылық бұнымен шектелмеді. Балабақшада жалақысы заңсыз есептелген жалған қызметкерлер жұмысқа орналастырылғаны белгілі болды. Анықталған жымқыру фактілері  бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Жекеменшік балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған. Сонымен қатар, құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды. Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды", – деп мәлімдеді Астана қалалық прокуратурасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу