Астанада демалыс күндері 25 мас жүргізуші ұсталды

332

Олардың бірі 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.  

Астанада демалыс күндері 25 мас жүргізуші ұсталды Фото: kursiv.media

Астанада өтіп жатқан "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында демалыс күндері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған 25 мас жүргізуші анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олардың бірі – 36 жастағы елорда тұрғыны. Ол түнгі сағат 01:00 шамасында Қосшығұлұлы көшесімен "Volkswagen" автокөлігін басқарып келе жатқан кезде полиция қызметкерлерінің назарына іліккен. Медициналық куәландыру нәтижесінде жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны расталды.

Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

Полиция мас күйінде көлік басқару жолдағы өзге азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертіп, жүргізушілерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу