Астанада денесінің 80%-ын күйік шалған өрт сөндіруші көз жұмды

740

Оның өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күрескен болатын. 

Астанада денесінің 80%-ын күйік шалған өрт сөндіруші көз жұмды

Көппәтерлі тұрғын үйде шыққан өрт кезінде адамдарды құтқарған Аскара Забикуллин ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.  

Төтенше жағдайлар министрлігі Асқар Забикуллиннің отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. "Кәсіби маман ретінде оның бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады", делінген хабарламада. 

Асқар Забикуллин 16 қараша күні Астана қаласындағы Б.Момышұлы көшесіндегі көп қабатты үйде шыққан өрт кезінде бірнеше адамның өмірін аман алып қалған еді. Алайда, денесінің 80%-ын күйік шалып, ауыр жағдайда аурухана түскен болатын.

Асқардың артында жұбайы және екі баласы қалды. 

Бұған дейін, Президенттің атынан Асқар Забикуллиннің отбасына пәтер кілті табысталған еді. Сондай-ақ ол, Президенттің жарлығымен I дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталған болатын. 

ТЖМ қайтыс болған өртсөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу