Астанада Дима Биланның концерті кейінге қалдырылды

732

Астанада Дима Биланның концерті кейінге қалдырылды

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы елордада 21 және 22 шілдеде өтуі тиіс ресейлік әртістердің концерттері болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Ұлттық компания қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің қазасына байланысты көңіл айтты.

"Осыған байланысты 21 шілдеге жоспарланған DJ Smash концерті болмайтын болды. Ал 22 шілдеге жоспарланған Дима Биланның концерті 15 тамызға шегеріледі", — делінген "Астана ЭКСПО-2017" хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, 19 шілдеде Алматыда мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен пышақ жарақатын алып, көз жұмды. Спорт жұлдызының мезгілсіз қазасы бүкіл Қазақстан халқын күңірентті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және танымал спортшылар мен әртістер Денистің отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу