Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті

453

Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығымен бөлісті Фото: @kudaibergenov.dimash

Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді.

"Дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 100 ден аса елінен 4 мыңнан астам спортшы келеді. Мереке аясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, "Димаш-Али" шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен "Астана Аренада" менің "Stranger" атты жеке концертім өтеді. Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі. Менің ресми аккаунттарыма назар аудара жүріңіздер. Концертте кездесейік, достар", – деп жазды Димаш Құдайберген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу