Астанада діни әдебиеттерді заңсыз сатқандар анықталды

493

Дүкен уәкілетті органның рұқсатын алмаған.

Астанада діни әдебиеттерді заңсыз сатқандар анықталды Фото: Эхо Казахстана

Елордалық полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде “Артем” орталық базарының аумағында уәкілетті органның тиісті рұқсатын алмаған әдебиеттер сататын дүкен орнатылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда орны дін істері комитетінің мемлекеттік стандартына сәйкес келмейтін кітаптарды заңсыз сатқан.

Аталған дерекке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағын (Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелу, өндіру, шығару, басып шығару және (немесе) тарату) негізге ала отырып әкімшілік хаттама толтырылды. 

Астана қаласы полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік идеяларды насихаттайтын тұлғаларды, сондай-ақ тыйым салынған діни әдебиеттерді тарату фактілерін анықтау мақсатында тұрақты түрде жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіп тұратынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу