Астанада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты 1200-ден астам жарнамалық белгі алынып тасталды

413

Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. 

Астанада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты 1200-ден астам жарнамалық белгі алынып тасталды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада 2019 жылы бекітілген қаланың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1200-ден астам жарнамалық элемент бөлшектелді. Мұндай бұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберіледі. Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіледі.

Астана қаласының Урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 400 эскиздік ұсыныс пен ұсыным әзірледі. Қалалық Урбанистика орталығында келісілмеген сыртқы жарнама визуалды шу шығаратынын, қаланың жалпы көрінісі мен үйдің келбетін бұзатынын атап өтті. Мақсат – сыртқы жарнаманы ретке келтіру, біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру.

Мысалы, қазіргі уақытта "Лазурный квартал", "Триумфальный тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Сәтбаев, Түркістан көшелерінің, Мәңгілік ел, Республика даңғылдарының және т.б. бойында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу