Астанадағы отшашу ауа райына байланысты ертерек басталады

217

Іс-шара ЭКСПО аумағында 7 шілдеде сағат 18:00-де өтеді.

Астанадағы отшашу ауа райына байланысты ертерек басталады Фото: ineu.edu.kz

7 шілдеде ЭКСПО аумағында Ұлттық домбыра күніне арналған "Заманауи домбыра" мерекелік шоу-концерті өтеді. Бұл туралы Астана әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Концерттік бағдарламаның тұжырымдамасы – заманауи балетпен ұштастыра отырып, қазақ этникалық домбыра аспабының әлеуетін зерттеуге және көрсетуге бағытталған мультимедиялық интерактивті технологияларды пайдалана отырып, музыкалық перфоманс дайындау.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, музыканттардың, суретшілердің, балет әртістерінің және графикалық мамандардың ынтымақтастығы арқылы домбыра басты рөл атқаратын инновациялық дыбыстық және көрнекі шығарма жасалады.

Шоу танымал қазақстандық орындаушылар, сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ұлттық аспапты кеңінен дәріптеуге бағытталған.

Мерекелік концерттің жүргізушілері: Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек.

Кеш қонақтары: Kalifarniya, Ақтоты Болшова, "Қорқыт" этно-фольклорлық ансамблі, "Серпер" виртуоздар домбырашылар ансамблі, "SAZ" этно тобы, "Steppe Sons", "Assyl", "T&Y", "Арт-домбыра", "Aldaspan", Dj Годунов.

Іс-шара ЭКСПО аумағында 7 шілдеде сағат 18:00-де өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу