Астанада BMW көлігінің жүргізушісі түнгі уақытта жолдың жүріс бөлігінде дрифт жасап, қарсы қозғалыс жолағына шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қауіпті маневрлер кезінде жол жабынын да зақымдаған.
Полицияның мәліметінше, 22 жастағы жүргізушінің көлік басқару құқығы болмаған. Осыған байланысты ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар көлікті басқару құқығы жоқ адамға автокөлігін бергені үшін оның иесіне де шара қолданылды.
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Ал BMW коммуналдық тұраққа қойылды.
Полиция өкілдері мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін еске салып, жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырды.