Астанада дрон-шоу өтті

1502

Астанада жүздеген дронмен ұйымдастырылған ерекше шоу өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада дрон-шоу өтті Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордада өткен ерекше дрон-шоуға ондаған мың көрермен жиналды.

20 минутқа созылған мерекелік бағдарлама барысында аспанда заң, тәртіп және қауіпсіздік тақырыбына арналған түрлі-түсті жарық композициялар бейнеленді.

Шоуға 550 дрон қатысты. Бұл көрініс Қазақстан полициясы күніне арналған кең ауқымды іс-шаралар бағдарламасының бір бөлігі болды.

Еске сала кетейік, Астанада "Заң және Тәртіп" қағидаты жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында түрлі шаралар – акциялар, рейдтер, тұрғындармен кездесулер, профилактикалық дәрістер өткізіледі.

Игі бастаманың басты мақсаты – халық арасында құқықтық мәдениетті нығайту және заңға бағыну құндылықтарын дәріптеу.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу