Тергеу мәліметінше, А. есімді азамат "Олх" сайтында "Дубай шоколадын" жеткізу және сату туралы хабарландыру жариялап, WhatsApp арқылы тапсырыс қабылдаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алайда, нақты тауар жеткізу мүмкіндігі болмаса да, алдын ала төлемді өз шотына аудартқан.
Жәбірленушілер ақша жібергеннен кейін, олардың телефон нөмірлерін бұғаттап отырған. Осылайша, 9 адамға жалпы 176 300 теңге залал келтірілген.
- Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Ол өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды өтеген.
- Сот оған 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
- Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қазір Дубай шоколады мен Шайн мускат жүзімі әлеуметтік желілерде танымалдыққа ие. Көпшілік импорттық өнімдерді видеоға түсіріп, талқылауға әуес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу