Астанада дүкенге түсіп, күзетші әйелді ұрған ұры ұсталды

225

Аталған іске қатысты тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астанада дүкенге түсіп, күзетші әйелді ұрған ұры ұсталды Фото: polisia.kz

Елордалық полицейлер шағын дүкен тонаушысын ұстады. Белгілі болғандай ол күзетші әйелді қағып, пышақпен қорқытып қашып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Елордалық полицейлер таңертең шағын маркеттен энергетикалық сусын ұрлаған қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Ұрыны тоқтатуға әрекет жасаған күзетшіні (әйел) қағып, пышақпен қорқытып, қашып кеткен. Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері дереу күдіктінің ізіне түсіп, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 27 жастағы жігітті ұстады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ақпаратта тонау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылған.

"Бұзақының елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда", - дейді полициядан.

Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды заңсыз әрекеттерге барған жағдайда дереу полицияға хабарласуды, қауіпсіздік мақсатында қылмыскерлерді ұстауға өз бетінше шара қолданбауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу