Күндізгі уақытта ер адам телефон сататын дүкенді көздеп кетіп, қылмыстық ойын түнде жүзеге асырмақшы болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Дүкенге дейін жетіп жігіт терезені бұзып, ішке кіреді. Бірнеше секунд ішінде ол жалпы саны 14 дана Iphone телефонының әртүрлі модельдерін иемденген. Ол тіпті соғылған дабылдан да қорықпаған. Күзет фирмасының қызметкерлері келгенге дейін күдікті сыртқа шығып, қашып үлгерген. Жалпы келтірілген шығын 10 млн теңге деп бағаланып отыр. Ол ұрланған гаджеттерді Тараз қаласында ломбардқа өткізген, қалғанын елордада сатып алушыларға сатып жіберген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған елорданың 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.