Астанада дүкеннен азық-түлік ұрлаған күдікті ұсталды

873

Бұл туралы Inbusiness.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада дүкеннен азық-түлік ұрлаған күдікті ұсталды Фото: Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен қаланың 32 жасар тұрғынын ұстады

Тергеу барысында елордалық әйел таңертеңгі уақытта Тәуелсіздік даңғылындағы дүкенге келгені белгілі болды. Клиент кейпінде тауарларды қарастырып жүріп, өзінің іс-әрекетін ешкім байқамай тұрған сәтті пайдаланып, азық-түліктерді жасырын алып, дүкеннен кетіп қалған. 

Ұрлыққа қатысы бар әйел мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу