Астанада Дүниежүзілік жүрек күніне орай акция өтеді

820

Астанада Дүниежүзілік жүрек күніне орай акция өтеді

27 қыркүйек күні Астанада Дүниежүзілік жүрек күні шеңберінде "Сау жүрек – басты байлық" ұранымен акция өтеді, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Осы іс-шараның ұйымдастырушылары елордалық Денсаулық сақтау басқармасы, Астана қаласы салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Астана қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті, ҚР ДСМ ДСҚК болып табылады. Акция мақсаты  - салауатты өмір салтын жүргізуге халықты уәждемелеу, скринингтік тексеруден уақытылы өту қажеттілігі туралы азаматтарды ақпараттандыру, алуан түрлі қоғамдық институт өкілдерінің қан айналысы жүйесін аурудан сақтандыру бойынша жұмысқа тарту. Бұл жұмыс жүрек-тамыр ауруларының ауыртпалығын төмендетуге бағытталған.

"Хан Шатыр" ОССО-да акция шеңберінде кардиолог, невропатолог, экдокринолог, нутрициолог, ЕДШК дәрігері қабылдайтын "Денсаулық қалашығы" есіктері ашылады. Сондай-ақ, мұнда келушілер артерия қысымын өлшей алады, қандағы глюкоза және холестерин деңгейін анықтай алады, дене массасының индексін біле алады. Сондай-ақ, тәжірибелі мамандар қонақтарға артерия гипертониясы, инфарктің алғашқы белгілері туралы әңгімелеп береді, АҚ  дұрыс өлшеуді үйрететін болады.

Өткізу орны: "Хан Шатыр" ОССО, сағат 15:00-ден 18:00 дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу