Астанада джиу-джитсудан халықаралық турнирі өтеді

774

Астанада джиу-джитсудан халықаралық турнирі өтеді

Ақпанның 25-і мен 26-шы күндері арасында Астана қаласында джиу-джитсудан Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship - Gi халықаралық турнирі өтеді. Спорттық іс-шараны БАӘ Халықаралық джиу-джитсу федерациясының қолдауымен, Мәдиниет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің және де Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен Қазақстан Республикасы джиу-джитсу қауымдастығы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Биылғы жыл елімізде тұңғыш рет Kazakhstan National Pro Jiu-Jitsu Championship – Gi халықаралық турнирі өтеді. Қазақстан джиу-джитсу қауымдастығығының арқасында Мұхитаралық мен Азия елдерінен келетін спортшылар қатысатын ерекше турнирде жастарға өз шеберліктерін көрсетуге мол мүмкіндік туып тұр.

2017 жылғы халықаралық турнирге қатысу үшін ерікті спортшылар Халықаралық джиу-джитсу федерациясының сайтында (www.uaejjf.org) тіркеле алады. Қатысушылардың тіркелу уақыты 2017 жылдың 20 ақпанына дейін ашық.

Халықаралық турнир 2017 жылдың 26 ақпанында 12:00-де Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің спорт кешенінде өтеді (Ы.Дүкенұлы көшесі 23). Жас спортшыларды қолдауға және салтанатты түрде ашылуына спорт жұлдыздары мен еңбек сіңірген мәдениет қайреткерлері қатысады.

26 ақпан күні қатысушылар жүлделі орындар үшін сайысқа түседі. Үздіктердің үздігіне Абу-Даби қаласында өтетін спорт шеберлерінің арасында өтетін джиу-джитсудан өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.
Бұл чемпионат әлемнің әр түкпірінен келетін 5000 спортсмен қатысатын ең беделді чемпионаттардың бірі болып саналады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу