Астанада дзюдодан әлемдік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді. Бұл Париж Олимпиадасына ұпай беретін соңғы рейтингілік турнир, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл жарысқа 60-тан астам елдің, соның ішінде әлемдік рейтинг көшбасшылары Жапония, Оңтүстік Корея, Франция мемлекеттерінің спортшылары тіркелген.
Естеріңізге сала кетсек, бұл доданың нәтижесінде IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасында әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпайлар бөлінеді. Атап айтқанда, І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай есептелетін болады.
Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) екі жақты келісімшартына сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2026 жылға дейін қабылдайды.