Астанада е-ПИК жобасы 2017 жылдың тамызында іске қосылады

906

 Астанада е-ПИК жобасы 2017 жылдың тамызында іске қосылады

Астанада е-ПИК жобасы пәтер иелері мен ПИК арасындағы байланыстың тиімді көпіріне айналды, сондай-ақ, ол кооперативтердің қызмет көрсету сапасы мен ашықтығын арттырады. Жоба туралы Астана қаласының Тұрғын үй инспекция басқармасының құқықтық-ұйымдастыру жұмысы жөніндегі бөлім жетекшісі Ринат Сағнаев пен "Astana Innovations" АҚ жобасының жетекшісі Бахтияр Жақыпов мәлім етті, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

"Жобаның мақсаты – пәтер иелеріне  үйді басқару мен қамтамасыз ету бойынша  қолайлы жағдай жасау. Бүгінгі таңда  аталмыш жобаға   республиканың барлық өңірінен  15-тен артық компания қатысуда. Аталмыш компанияларға пилоттық учаскелер ұсынылды. Олар өз жобаларын алаңда тәжірибеледі. Жұмыс қорытындысы бойынша, мониторинг жүргізілуде, е-КСК жобасын жүргізу бойынша компаниялар сараптамасына тұрғындар, Астана әкімдігі, тұрғын үй инспекция басқармасы қатысады",  – деді Ринат Сағнаев.

Жобаның техникалық жағын "Astana Innovations" АҚ жобасының жетекшісі байқап қайтты, ол аталмыш   портал кең мағынаға ие екенін айтты, жоба – ақпараттық жүйе, оның құрамына  портал, мобильдік қосымша, әңгімелесу платформасы  енеді.

"Аталмыш ақпараттық жүйе арқылы қарапайым қызметтер жүзеге асырылады, ПИК тарапынан хабарландыру, тұрғындар тарапынан өтініштер мен арыздар, әкімдікке  компанияға қызмет ететін  ұйымға арыздану сынды істерді  жүзеге асыруға болады", – деді Бахтияр Жақыпов.

"Astana Innovations" төрағасы айтып өткендей, жобаны жүзеге асыру аясында  жұмыс тобы құрылды, оның құрамына  әкімдік өкілдері мен ПИК, коммуналдық қызмет, "Astana Innovations" өкілдері енеді.

 "Біз аталмыш ақпараттық жүйеге техникалық талаптарды әзірлеп жатырмыз. Пилоттық жоба соңында қалаға жариялау үшін нақты талаптар қойылатын болады", – деді Бахтияр Жақыпов.

Спикерлер атап өткендей,  аталмыш жоба  тегін  негізде әзірленген   инвестициялық жоба болып табылады. Әзірлеуші компаниялар есебінен болғандықтан тұрғындарға қаржылық салмақ түспейді.

"ПИК тоқсанаралық есебін  жариялап отырады, тұрғындар ПИК рейтінгін көре алады. Егер ПИК-тің кейбірінің жұмысы қанағаттандырмаса, тиімді жұмыс істейтіндерді таңдай алады", - деді Ринат Сағнаев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы   Астананы  зияткерлік және қазіргі  заманғы  50 қаланың құрамына ену міндетін қойды. Елбасы  2017 жылы EXPO-2017 инфрақұрылым құрылысын  "ақылды қала" негізінде салу тапсырылған болатын. "100 нақты қадам"  бағдарламасы Астананы Еуразияның ғылыми, мәдени және ғылыми орталығына айналдыруды көздейді. Бұл туралы  69-қадамда жазылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу