Астанада екі айлық сәбидің миына күрделі ота жасалды

694

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Елордада Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері екі айлық сәбидің ми ісігін жою үшін күрделі операция жасады, деп жазады inbusiness.kz.   

Астанада екі айлық сәбидің миына күрделі ота жасалды Фото: gov.kz

Қазір сәби қазір отадан кейін ем алып, анасымен бірге палатада жатыр.

"Баланың ата-анасы аурудың алғашқы белгілерін нәрестенің қатты мазасыздығы мен әлсіздігенен кейін байқады. Сонымен қатар, нәрестенің басының көлемі ұлғайып, еңбегінің ісінуі байқалды. Баланың анасы невропатологқа жүгінді. Әрі қарай дәрігер нейросонографияға және бас миының КТ-сына жіберді, онда гидроцефалия белгілері анықталды. Сәбиге алғашқы операция Алматы қаласының №2 қалалық балалар ауруханасында жүргізілді. Дәрігерлердің кеңесімен екінші ота Ұлттық нейрохирургия орталығында жоспарланған" - делінген ақпаратта.

Операцияны жасаған жоғары санатты білікті нейрохирург, балалар нейрохирургиясы кафедрасының меңгерушісі, "ҰНО" АҚ профессоры Ғабит Ілиясұлы Өленбайдың айтуынша, 4*3 см көлеміндегі ісік бала миының функционалды маңызды аймағында орналасқан. Ісік туа біткен және бала құрсағында пайда болған, бұл өздігінен сирек кездесетін құбылыс болып саналады.

"Нейрохирургиялық навигациялық жүйенің бақылауымен біз ісікке дәлдікпен жетіп, оны толығымен алып тастадық. Қазіргі уақытта сәби операциядан кейінгі емделуде, анасымен бірге палатада жатыр. Айта кетері, операция МӘМС аясында квоталық негізде өтті", - деді нейрохирург дәрігер Ғабит Өленбай.

Сонымен қатар, Ұлттық нейрохирургия орталығының анестезиолог мамандары операция кезінде жоғары кәсібилік көрсетті. Операцияға нейрохирург дәрігер Сапарбек Сейтбеков, анестезиолог-реаниматолог дәрігер Айгүл Жандельдинова, трансфузиолог дәрігер Ербол Қуанышев және операциялық медбике Мадина Рахматуллақызы қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу