Астанада екі ауданның әкімдері тағайындалды

861

Елордада Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша екі ауданның әкімдері тағайындалды.  

Астанада екі ауданның әкімдері тағайындалды Фото: gov.kz

Нұра ауданының әкімі қызметіне Жүсіп Жұмағұлов, ал Сарыарқа ауданының әкімі болып Бауыржан Ералы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Жүсіп Жұмағұлов – Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі. Еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманы лауазымынан бастаған. 2016 жылдан 2019 жылға дейін "Дін проблемаларын зерттеу орталығы" КММ басшысының орынбасары, елорданың Қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылдан бастап елорда әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етті.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Сарыарқа ауданының әкімі қызметін атқарды.

Бауыржан Ералы еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы лауазымынан бастаған. Әр жылдары сарапшы, "Ахуалдық орталық" басқармасының бас сарапшысы, "Электрондық декларациялау орталығы" басқармасы басшысының орынбасары м.а. лауазымдарын атқарды. 2022 жылы "ҚР Қаржы министрлігі МКК бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысының орынбасары болып еңбек етті.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкімдеріне аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу