Астанада екі аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана берілетін болды

576

Әкімдік тағы 10 млн теңге қаржылай көмек береді.  

Астанада екі аяғынан айырылған қыздың отбасына баспана берілетін болды Фото: Іnstagram.com/help.aluabeken

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек автобус апатынан екі аяғынан айырылған 8 жасар Алуаға көрсетілетін көмек туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сақтандыру көмегі 20 млн теңге маңайында және әкімдік қазір 10 млн теңгені берді. Қосымша 10 млн теңге береміз деп жоспарлап отырмыз. Біз баспана мәселесін шешіп береміз. Ресми түрде айтып отырмын", – деді елорда басшысы Ақорда кулуарында.

Айта кету керек, бұған дейін Астанада автобус бағанаға соғылып, 8 жастағы қыз екі аяғынан айырылғанын жазған едік. Қыз баланың отбасына автобус паркінің сақтандыру полисі есебінен 19,6 млн теңге берілетін болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу