Елордалық Жолаушылар тасымалы басқармасының хабарлауынша, қаланың бағдарлық желісін оңтайландыру аясында 2017 жылдың 23 қаңтарынан бастап № 29 және № 76 бағдарлардың қозғалыс сызбанұсқасына келесідей ішінара өзгерістер енгізілетін болады.
№29-бағдар соңғы "Дархан" балабақшасы аялдамасынан – "Астана-Қарағанды тас жолы" аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Төлебаев көшесіне бұрылмай, Абылай хан даңғылының бойымен жүреді, делінген әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпаратында.
Кері бағытта өзгеріссіз.
№76-бағдардың қозғалысына келесідей өзгерістер енгізілді:
Соңғы "Азамат" шағын-маркеті аялдамасынан – "Балқантау көшесі" аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай бағдар Балқантау көшесіне бұрылмай, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді.
Кері бағытта соңғы "Рита" дүкені аялдамасынан – "Мереке" СҮ аялдамасына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Балқантау көшесіне кірмей, Айнакөл көшесінің бойымен жүреді.