Қорғалжын тас жолында және Р. Қошқарбаев пен әл-Фараби даңғылдарының қиылысында Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы жөндеу жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Мәселен, Қорғалжын тас жолында Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейін орташа жөндеу жұмысы жүргізілуде.
Р. Қошқарбаев және Әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы көлік айрығынан оң жақ съездерге орташа жөндеу жүргізілуде. Мұнда көлік қозғалысы 25-27 мамыр аралығында толығымен жабылады.
Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізілуде.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.