Астанада екі қоғамдық көліктің қозғалысы өзгереді

640

Обаған көшесінің тұрғындарына екіжақты көліктік қызмет көрсету мақсатында екі бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі. 

Астанада екі қоғамдық көліктің қозғалысы өзгереді

Осы сенбі күні, 16 ақпанда екі қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Обаған көшесінің тұрғындарын екіжақты көліктік қызмет көрсету мақсатында №14 қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы өзгертіледі. Сонымен қатар, сол күні №64 қалалық бағдардың қозғалыс сызбасы де өзгеретін болады.

№14 қалалық бағдар қозғалысының жаңартылған сызбасы:

Бастапқы нүкте Теміржол вокзалынан Қ. Сәтпаев көшесі – Б. Момышұлы даңғылы қиылысына дейін, Қ.Сәтпаев көшесінен тіке, одан әрі Обаған көшесіне – Қ. Аманжолов көшесіне оңға, әрі қарай сызба бойынша қатынайды.

Кері бағытта да жоғарыда аталған сызбамен қатынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу