Атап айтқанда, Бурабай көшесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 4-15 мамыр аралығында Абылай хан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысына толығымен тыйым салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz 109 қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ Р.Қошқарбаев даңғылындағы орташа жөндеу жұмыстарына байланысты 4-15 мамыраралығында М.Жұмабаев даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолдарда кептеліс жағдайларын болдырмау үшін маршрутыналдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу