Астана ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мәңгілік Ел даңғылының, Арай көшесінің және "Тұлпар" көпірінің учаскелерінде орташа жөндеу жүргізіледі.
Жөндеу жұмысына байланысты 11-17 шілде аралығында Ә.Кекілбаев көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылы бойынша қозғалыс жабылады.
Сондай-ақ 12 шілдеден 3 тамызға дейін "Тұлпар" көпірінде көлік қозғалысы ішінара жабылады.
Жөндеу жұмысына байланысты 11-20 шілде аралығында Жауқазын көшесінен бастап Космонавтов көшесіне дейінгі аралықтағы Арай көшесінің учаскесі жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.