Жуырда Астана қаласы Сауран көшесіндегі хостелде Ресей азаматтары соққыға жығылып, тоналған болатын. Елорда полициясы екі ресейлікті соққыға жықты деген күдікпен Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанның екі тұрғынын ұстады. Олардың бірі бұрын істі болған.
Қазір екі күдіктіге қатысты "Қарақшылық" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай айғақтар тәркіленді, күдіктілер кінәсін мойындаған. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері хостел қонақтары арасындағы жанжал ішімдік салдарынан болғанын анықтады. Тұрғындар арасында төбелес шыққан, оның ішінде екі Ресей азаматы да бар. Мигранттарды ұрып-соғып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған", - деп хабарлады Астана қалалық ПД өкілдері.