Астанадағы Сығанақ пен Тұран көшелерінің қиылысында адам толы екі автобус соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Автобустар Saad БО аялдамасында соғылған. Екі автобус та 29-шы бағдар бойынша кетіп бара жатқан.
Астананың Полиция департаменті Higer маркалы автобустың Тұран көшесі жақтан Сығанақ көшесіне келе жатып, аялдамада тұрған автобусты қаққанын, көктайғақты ескермегенін айтты.
"Апаттан екі жолаушы зардап шекті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған. Олар ауруханаға жеткізілді. Медициналық тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді полиция.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу