Автобус Бейбітшілік көшесіндегі "Аграрлық университет" аялдамасына қарама-қарсы жерде өртенген, деп хабарлайды Елорда Инфо.
"Автобус 3 қаңтар күні Бейбітшілік көшесінің "Аграрлық университет" аялдамасына қарама-қарсы жерде жанды. Өрт №9 қоғамдық көліктің мотор бөлігінен шықты. Зардап шеккендер жоқ", – делінген "Астана LRT" компаниясының хабарламасында.
Өрт автобус капотының ішкі қаптамасының қызуы себебінен орын алды. Жүргізуші жолаушыларды жедел сыртқа шығарып, өрт сөндіру құралының көмегімен өртті сөндіріп үлгерген. Оқиға орнына өрт сөндіру бригадасын шақырудың қажеті болмады.
Техникалық көмек келгеннен кейін жолаушылар көлігі автобус паркіне жөнелтілді.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Ш.Құдайбердіұлы даңғылында № 41 маршрут автобусы да өртенген болатын.