Астанада екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитын болды

277

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Астанада екінші ауысым оқушылары да қашықтан оқитын болды Фото: freepik.com

Елордада қарлы боранға байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ онлайн режимде өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"14 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - деп хабарлады Астана қаласы Білім басқармасы.

Естеріңізге салсақ, бүгін бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқытуға ауыстырылғаны туралы жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу