Астанада екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болады

590

Астана мектептерінде екінші ауысымда білім алатын оқушылар бүгін мектепке барып оқиды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Астанада екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болады Фото: inbusiness.kz

Астана қалалық білім басқармасының мәліметінше, аяздың беті қайтқан, сондықтан балалар мектепке барады.

Ikomek жедел қызметі де 28 қарашада екінші ауысымдағы сабақтар өз уақытында мектепте өтетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін бірінші ауысымда елордалық 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу