Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептері мен колледждеріндегі сабақтар болмайды деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту туралы хабарлады.
"Ауа райының колайсыздығына байланысты (желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді) қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждерінің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді", - деп жазылған Астана қаласы Білім басқармасы таратқан хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу