Елордада екінші ауысымның оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп жазады inbusiness.kz қалалық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 9 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-11(12) сынып оқушылары, колледждерде 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқитынын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу