Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды

300

Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 болып, одан әрі төмендейді.

Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды Фото: Pixabay.com

Астанада ауа райының суытуына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана әкімдігінің ресми сайты. 

"2024 жылғы 15 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, 15 ақпанда елордада қар жауып, боран болады. Солтүстік-шығыстан жел екпіні 9-14, 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -17-19 болып, одан әрі төмендейді.

16 ақпан күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деген болжам бар. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35, күндіз -27-29 аяз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу