Астанада экологиялық асар өтті

926

Астанада экологиялық асар өтті

Астанада алғаш рет өткен экологиялық асарға 100-ден астам қала тұрғыны қатысып, бір тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тапсырды, деп хабарлайды elorda.info.

Экологиялық акцияға қатысқан астаналықтар істен шыққан теледидар, видео және аудио магнитофон, кір жуатын машина, макулатура, шыны және пластикалық бөтелкелер тапсырды. Сенбілік акцияда қабылдау бекеттеріндегі автокөліктер макулатура мен пластикалық бөтелкелерге лық толды.

Астана қаласында қолға алынатын қалдықты бөліп тастау жобасына ірі компаниялар да қызығушылық білдірді. Мәселен, "Самрұқ-Энерго" АҚ қызметкерлері 125 кг кеңсе қағазы және пластикалық қалдықтарды қайта өңдеуге тапсырды.

Алғаш рет өткізілген ЭкоАсаға "Аллюр Групп компаниясы", "Технодом" дүкендер желесі, "Panasonic" компаниялар желесі, "Starbucks" кофе желісі, "Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры"  қолдау білдірді.

Бұған қоса, шара аясында істен шыққан тұрмыстық электр техникалырын тегін алып кететін жаңа экологиялық "Cleаn taxi" жобасы таныстырылды.

Акция аясында жиналған қалдықтар өңделу үшін Астана қаласындағы қалдықты қайта өңдейтін зауытқа жіберілді.

Айта кетсек, Астана қаласы әкімдігі мен ӨКМ операторы Астана қатты тұрмыстық қалдықтарды екі фракцияға (құрғақ және ылғалды) бөліп тастаудың пилоттық жобасын енгізуді қолға алуды бастайды. Жобаны жасаушылар ең алдымен халықты "Қайта өңдеуге" шақыратын кең көлемдегі ақпараттық-танымдық жұмыс жүргізуді көздеп отыр. 2018 жылдың шілде айынан бастап қаладағы 2070 қоқыс алаңына (Астана алаңдарын 100%-ға қамту) 6 275 контейнер орнатылады. "Сары" және "жасыл" түсті контейнерлерге тұрмыстық қалдықтар сұрыптап тасталады. Айталық сары түсті контейнерге қайта өңдеуге жарамды (металл, пластик, қағаз, шыны) қалдықтар тасталса, жасыл контейнерге тамақ қалдықтары, органикалық және басқа да өңдеуге келмейтін қалдықтар салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу