Астанада салынып жатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің үлкен ғимараты қақ ортасынан опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Төтенше жағдайды ЭКСПО аумағындағы құрылысшылар видеоға түсіріп, желіге жүктеген. Әзірге, компанияның баспасөз қызметімен хабарласу мүмкін болмай отыр.
Тиісінше, зардап шеккендер бар ма, жоқ па деген ақпарат та жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Астана ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов алғашқы төрт елге павильондарын тапсырған еді. Видеода құлаған ғимарат ішінде де әр түрлі елдердің павильондары орналасу керек болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу