"Астанаэнергосбыт" ЖШС өз тұтынушыларына "Астана-АЭК" АҚ-ның көппәтерлі тұрғын үй қорына қызмет көрсету бойынша функцияларын орындауды, соның ішінде электр энергиясын есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алуды, электр есептегіштерді коммерциялық есепке алуды және т.б. жүзеге асыра бастағанын хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.
Бүгінде энергиямен жабдықтаушы ұйымнан аталған функцияларды беру процесі кезең-кезеңімен жүріп жатыр. "Астана-АЭК" АҚ елорда абоненттерінің жартысынан астамын қабылдады.
"Астана-АЭК" АҚ ақпаратына сәйкес, техникалық ақауларға байланысты осы жылдың қараша айы үшін тұтынылған электр энергиясының көлемі дұрыс есептелмей, салдарынан абоненттерге артық төлем жазылған.
"Астана-АЭК" АҚ мамандары "Астанаэнергосбыт" ЖШС-мен бірге аталған мәселені шешу бойынша шаралар қабылдап жатыр, одан кейін келесі айдың түбіртектеріне көрсетілетін түзетулер енгізілмек.