Елордада күнделікті 450 мың автокөлік, 1000 дана қоғамдық көлік қатынайды, ал жолаушылар ағыны тәулігіне 800 мың адам, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қалада қоғамдық көлікке басымдық беру арқылы көлік кешенін басқарудың жаңа моделін іске асыру жалғасады.
380 жаңа жайлы автобус сатып алынды, оның 20-сы электр-гибридті.
1 маусымға дейін жалпы ұзындығы 74,2 км 24 учаскеде "Bus Lane" қамтылады, бұл жол желісінің каркасын жасап, қоғамдық көліктің қозғалысына басымдық беруге жағдай жасайды. Ақылы автотұрақтарды ұйымдастыру шаралары қолға алынды.
Бұл шаралар қоғамдық көлікті пайдаланушылардың санын 33%-дан 2018 жылы 45%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қытайлық әріптестермен бірлесе LRT жобасы іске асырылып жатыр.
МЖӘ аясында Көлік қауымдастығымен бірлесіп "Бірыңғай такси қызметі" жобасы іске асырылып, отандық өндірушілерден автокөліктер сатып алына бастады. ЭКСПО көрмесіне дейін іске қосылады.