Астанада электр көліктерін қуаттайтын алғашқы бекет "Жасыл экономика жолында" деген ұранмен ашылады, деп хабарлайды naryk.kz.
Бұл Қазақстанда алғашқы тез қуаттағым бекет болмақ. Оның қуаты 50 кВт. Электр көлігін 50 пайызға дейін 15 минутта қуаттайтын бекет әдеттегі бекеттерден 48 есеге күшті.
Қазіргі таңда 100 шақты қазақстандық Tesla-ның электр көлігін мініп жүр. Ал көліктің Қазақстандағы жалпы саны 200 шамасында.
ЭКСПО көрмесі кезінде бұл бекет көліктерді тегін қуаттамақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу