Астанада электрлі самокаттарды ұрлаған азамат ұсталды

501

Полицейлер Ақмола облысының 43 жастағы тумасын анықтады.  

Астанада электрлі самокаттарды ұрлаған азамат ұсталды Фото: polisia.kz

Полицияға Бейсеков көшесіндегі “Қамқор” дүкенінің ауданында тұрған электр самокатты ұрлау дерегі бойынша арыз түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу барысында ер адамның таңғы сағат 04:00 шамасында еркін қол жеткізу арқылы электр самокатты алып, көлігіне тиегені анықталды. Күдікті мамандығы бойынша инженер болғандықтан, электр машинаның GPS-ін өшіріп, содан кейін электронды велосипед жасау үшін бөлшектерді қолданғысы келген. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.  

Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарына жеке заттарын қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу