Астанада электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылатын болды

138

Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылмақ.

Астанада электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылатын болды Фото: Алматы әкімдігі

Ол үшін самокаттар жиі тасталып кететін 10 орын таңдалынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, тұрақтар арнайы жол белгілерімен және сызықтық белгілеумен белгіленеді.

Кикшеринг пайдаланушылары сапарларын дәл осы жерлерде аяқтауы тиіс. Бұл тротуар мен жол жиегінде бей-берекет тасталған самокаттарға қатысты шағымдарды азайтуға көмектеседі.

"Астаналықтардан келіп түсетін ең жиі шағымдардың бірі – бей-берекет тасталған самокаттар. Арнайы тұрақ аймақтары осы мәселеге тәртіп орнатып, қалада қозғалысты қауіпсіз етеді", – деп атап өтті Нұра ауданының әкімдігі.

Бұл жұмысқа iKomek жедел әрекет ету және мониторинг орталығы да қосылды. Орталықта самокаттардың дұрыс қойылмауына байланысты шағымдарды жедел өңдеу үшін жаңа жіктеу жүйесі әзірленіп, операторларға арнайы оқыту жүргізілмек.

Бастаманы Q88 аумақтарды тұрақты дамыту қауымдастығы мен елордадағы барлық кикшеринг компаниялары қолдады.

Электросамокат жүргізу мәдениеті мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол картасы да әзірленді. Қалалық басқармалар, полиция және кикшеринг компанияларымен бірлесе отырып, ақпараттық компаниялар, қауіпсіз жүргізу бойынша сабақтар және ереже бұзушылықтарды анықтау рейдтері ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу