Астанада Елорда күніне орай тағы екі жаңартылған аула ашылды

397

Сарыарқа ауданында биыл барлығы 13 аулаға күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізілді.  

Астанада Елорда күніне орай тағы екі жаңартылған аула ашылды Фото: gov.kz

Елорда күніне орай Астананың Сарыарқа ауданында И. Құтпанов көшесі мен Сарыарқа даңғылы, 11 мекенжайында орналасқан екі абаттандырылған аула пайдалануға берілді, деп  хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана әкімдігінің мәліметінше, аулаларда қауіпсіз резеңке жабын төселіп, заманауи балалар ойын кешендері, спорт және шағын футбол алаңдары орнатылған. Жобалар тұрғындардың ұсыныстары негізінде жүзеге асырылды.

Ашылу салтанатынан кейін балаларға мультфильм кейіпкерлерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, ойындар, байқаулар және түрлі сыйлықтар ұсынылды.

Әкімдік мәліметінше, Сарыарқа ауданын кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Биыл Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі Кенесары көшесін қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар жаңа көше жиһаздары орнатылып, жарықтандыру жүйесі жаңартылып жатыр.

Айта кетейік, құрылыс маусымы басталғалы Сарыарқа ауданында барлығы 13 аулаға күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу