Астанада "Elorda zhastary" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері белгілі болды

219

Елордалық тұрғын үй орталығы "Elorda zhastary" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелерінің жарияланғанын хабарлады, деп жазады  inbusiness.kz сайты.  

Астанада "Elorda zhastary" бағдарламасы бойынша іріктеу нәтижелері белгілі болды Фото: Артем Чурсинов

Нәтижелерді zhilfond.kz порталынан және www.gov.kz Астана тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының ресми сайтынан көруге болады. Онда барлығы үш тізім жарияланған: "Мақұлданды", "Резерв" және "Қабылданбады".

"Мақұлданды" тізіміндегі азаматтарға 8 қазанда өтінім беру кезінде көрсетілген электрондық поштаға (мүмкін "Спам" папкасында болады), "Отбасы банк" АҚ-ға жіберудің электрондық нұсқасы жіберіледі, оны басып шығару қажет. 10 жұмыс күні ішінде онымен төлем қабілеттілігін бағалау үшін Астанадағы "Отбасы банк" АҚ-тың кез келген бөлімшесіне жүгіну керек. Жолдаманы алған сәттен бастап белгіленген мерзімде банкке келмеген жағдайда, тұрғын үй Орталығы оның күшін жоюға құқылы.

"Резерв" тізіміндегі азаматтар бағдарламаның негізгі шарттарына сәйкес келеді, алайда аз балл жинап, лимиттің аяқталуына байланысты резервтік тізімге енгізілген. Егер мақұлданғандардың негізгі тізімінен банкте төлем қабілеттілігін растамағандар болса, төлем қабілеттілігінен өтуге жолдама тізімдегі кезектілікке сәйкес резервтік тізімнен азаматтарға берілетін болады.

"Қабылданбады" тізіміндегі азаматтар не себепті бағдарлама талаптарына сәйкес келмегенін birge.astana.kz порталындағы жеке кабинетте толығырақ танысуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу