4 жыл ішінде 350 мыңнан астам адамнан жалпы сомасы 1,3 миллиард теңге жиналған, деп жазады inbusiness.kz сайты Козачковтың Telegram арнасына сілтеме жасап.
Telegram арнаның ақпаратына сүйенсек, осыдан 6 жыл бұрын ерлі-зайыпты сәбилі болған. Өсе келе олар нәрестенің дамуы қалыс қалып жатқанын байқап, дәрігерлерге көрсете бастаған. Ерлі-зайыпты Тотақановтардың ұлы Әлтайырға ауыр диагноз қойылған. Олар оның еміне ақша жинау үшін Instagram (@altair_tota) арқылы халықтан көмек сұраған.
– Баланың ем-домын іздестіріп жүргенде Түркияда оған отаны 50 миллион теңгеге жасап беретіндер табылды. Әуелде ерлі-зайыпты әлеуметтік желіден сонша қаржы жинамақ болған. Алайда олар жарнамаға қаржы құйып, бірнеше жыл бойы қарқынды түрде қаражат жинауды жалғастырған. Нәтижесінде 4 жыл ішінде 350 мыңнан астам адамнан жалпы сомасы 1,3 миллиард теңге жиналған. Ал оның 300-400 миллион теңгені жарнамаға төлеген. Ал қалған қаржыға ерлі-зайыпты жылжымайтын мүлік, көлік сатып алып, шетелге саяхаттап, құмар ойын ойнаған, – деп жазылған сот таратқан хабарламада.
Ерлі-зайыптыларға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру немесе бөтеннің мүлкіне құқықтар алудың бір түрі және 218-бап, 2-бөлім, 1-тармақ бойынша алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыптар тағылып отыр.
"Аса ірі көлемде алаяқтық жасау" және "қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" баптары бойынша күдіктілердің кінәсі толық дәлелденсе, барлық мүлкі тәркіленеді.