Астанада еңбек ардагерлері марапатталды

599

Олар бірқатар номинация бойынша жеңімпаз атанды

Астанада еңбек ардагерлері марапатталды Фото: gov.kz

Астанада Еңбек күніне орай еңбек ардагерлері марапатталды. Премьер-Министрдің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бұл байқаудың жеңімпаздарын құттықтау дәстүрлі салтқа айналғанын айтты.

"Құрылысшы мен энергетикке, дихан мен теміржолшыға, мал өсіруші мен ұшқышқа, бағбан мен аспаз, балаларымызды оқытатын, өмірімізді құтқаратын, үйімізді жылытатын, қорғайтын  еңбек адамының еңбегін атап өту маңызды. Қазақстанда жұмыс істейтін еңбеккерлерге алғыс айтып, құрмет көрсету үшін жиналып отырмыз",- деді ол.

Дүйсенова атағандай, азаматтардың осындай еңбегінің нәтижесінже 8 айда ел экономикасы 4,9 пайызға өскен.

"Сан түрінде айтатын болсақ, осы жылы 10 млн-нан астам тұрғын үй пайдалануға берілді. 6,5 мыңнан астам автожол салынды. Қазіргі таңда 220 спорт ғимараты, 110 мектеп, 6 оңалту орталығы ашылды. Бұл еңбеккерлердің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткізілген көрсеткіш",- деді ол.

"Еңбек жолы" республикалық конкурсын еңбек адамдарын танымал ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өткізді. Жеңімпаздар "Үздік еңбек әулеті", "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері", "Өндірістің үздік жас маманы" номинациялары бойынша марапатталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу