Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ІІМ ЖҚД бірлесіп Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен ҚР ІІМ ҚАЖК "Еңбек" ШЖҚ РМК басшыларын бірнеше рет пара алғанын әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бас директордың орынбасары және оның қарамағындағы Құрылыс басқармасының бастығы мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны, орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және олар бойынша ақы төлегені үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.
Агенттіктің мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу