Бұл туралы "Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ басшысының орынбасары Исмагулов Ерлан мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Бүгінгі таңда еңбек заңнамасының бұзушылығы жөнінде 2849 өтініш қаралды. Еңбек қатынастары саласындағы бақылауды жүзеге асыру барысында биыл инспекторлармен 247 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Барлық фактілер бойынша құқық бұзушылықтарды жою талабымен 133 бұйрық шығарылды және 82 заңды тұлға жалпы сомасы 20 млн теңге болатын әкімшілік жауапкершілікке тартылды", — деді спикер.
Сонымен қатар, осы жылы 86 млн теңгеден астам жалақы бойынша қарыз өтелді, сол арқылы 795 адамның конституциялық және еңбек құқықтары қорғалды.