Астанада еңбек заңын бұзған жұмыс берушілерге 88,1 млн теңге айыппұл салынды

724

Астанада еңбек заңын бұзған жұмыс берушілерге 88,1 млн теңге айыппұл салынды

Елорданың жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының хабарлауынша, еңбек заңнамасының сақталуын бақылау барысында 902 кәсіпорындар мен ұйымдар тексеріліп, оларда 1319 заңнаманы бұзу фактілері анықталды, деп жазады қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Мемлекеттік еңбек инспекторларымен 4758 жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері қарастырылды.

Еңбек заңнамасы және еңбекті қорғау мәселелері бойынша 2 мыңнан аса адамға кеңес берілді.

2016 жылы мемлекеттік еңбек инспекторларының тікелей араласуымен 146,3 млн. теңге жалпы сомасында жалақы бойынша берешек өтелді.

Еңбек заңнамасының нормаларын сақтамағаны үшін инспекторлармен 525 заңды және лауазымды тұлға 88,1 млн теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға бұзушылықтарды жою бойынша ұйғарымдар берілді. Мониторингке сәйкес, 2016 жылдың ішінде Астана қаласында өндірісте 69 жазатайым оқиға (2015 жылдың ұқсас кезеңінде 5,5 % көрсеткішке төмен – 73 оқиға) орын алған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу