Бұл туралы inbusiness.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кәсіпорынның (саласына қарамастан) барлық жұмыскерлері Конкурсқа қатыса алады. Конкурс 3 номинациядан тұрады:
1) "Үздік еңбек әулеті" – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көпең көп санды әулет таңдалады.
2) "Өндірістің үздік жас маманы" – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады;
3) "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.
Конкурс 2 кезеңде өтеді:
Облыстық деңгейде "Еңбек жолы" конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.
Республикалық деңгейде "Еңбек жолы" конкурсы жеңімпаздарын іріктеу.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтінім;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) номинация тақырыбы бойынша 1-2 минуттан аспайтын бейнеролик (қалауы бойынша жұмыс орны және дағдылары көрсетілген);
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т.б., 1 минуттан компьютерлік презентация (Microsoft Power Point форматында);
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама;
6) жұмыс беруші немесе кәсіподақ берген ұсынымдық хат.
Бар болса (мынадай құжаттардың көшірмелері):
мемлекеттік немесе ведомстволық наградалардың, мадақтау қағаздарының, алғыс хаттардың көшірмелері;
біліктілікті арттыру туралы куәліктер (бар болса).
Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
Өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 1 мамырдан бастап 15 шілде айына дейін жүргізіледі.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты 55-68-90, 8-700-399-66-53 ("Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" ММ) телефоны арқылы алуға болады.